09
Желтоқсан

Бауыржан Тұрсымбайұлы Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

9 желтоқсан 2024 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

09 желтоқсан күні «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының  төрағасы Бауыржан Тұрсымбайұлы  Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа облыстық мәслихаттағы «Ақ жол» фракциясының фепутаттары Қ.Боранбаев пен Н.Сопбеков қатысты.

Күн тәртібінде 15 мәселе қаралды.

Соның ішінде:  «Қызылорда облыстық мәслихатының  «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесіне, осыған дейінгі тыңдауларда депутаттар тарапынан берілген 21 ұсыныстың 18-іне қаржы бөлу жоспарланып отырғандығы белгілі болды.

Отырыс барысында күн тәртібіне ұсынылған 15 мәселе бойынша депутаттар тарапынан  сұрақтар мен ұсыныстар берілді және қабылданған шешімдер жобасын сессия қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.