Бейбітшілік пен келісім болашаққа бастайды - Астана акшамы (Астана)
Кеше Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оралда студент жастармен, Батыс Қазақстан машина жасау зауыты және «Акас» агрофирмасы қызметкерлерімен, сондай-ақ, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі М.Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, ҚХА төрағасының орынбасары А.Башмаков, «Ақжол» демократиялық партиясының
төрағасы А. Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы С.Сұлтанғали, Қазақстанның Азаматтық альянсының вице-президенті А.Платонов және ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ ақын А.Бақтыгереева, спорт ардагері Ә.Тұяқов болды.
РҚШ мүшелері алдымен Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы («БҚМК» АҚ) зауытшыларымен жүздесті. Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары индустрияландыру бағдарламасының арқасында компанияның басқа да қазақстандық зауыттардай серпінді қарқынмен дамып жатқанына тоқталды.
РҚШ мүшелерінің келесі барған жері, облыстағы ірі жоғары оқу орындарының бірі - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болды. Түстен кейін «Агрофирма «Акас» тауарлық-сүттік фермасының жұмыскерлерімен кездесті.
РҚШ мүшелері, сондай-ақ, облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. 90-нан астам этностың өкілдері тату-тәтті өмір сүретін өңірде 48 этномәдени бірлестік өз қызметін жүргізуде. ҚХА мүшелері Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының баға жетпес рөлін ерекше атады. Олар баламасыз дұрыс таңдау - бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық пен гүлдену үшін Н.Назарбаевқа дауыс беру екенін айтты.
Дерекнама - Астана акшамы (Астана), № 39 (3244), 14.04.2015