Іс-шараға Мәжіліс, облыс, қала мәслихаттарының 168 депутаты мен
аудандардағы «Ақ жол» депутаттары (230-дан) қатысты.
Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардағы фракциялардың ағымдағы жұмысын
талқылап, бірқатар мәселелер бойынша ортақ түйінге келдік. Атап айтқанда,
біздің мәслихат депутаттарымыз (көбінесе, бұл шағын және орта бизнес өкілдері)
жаңа Салық кодексі бойынша «Ақ жол» парламенттік фракциясының ұстанымын толық
қолдады (біз жаңа кодексті қатаң сынға алып, бұл құжатқа екі оқылымда да,
Сенаттан қайтарылғаннан кейін де қарсы дауыс бердік). Сонымен қатар, жергілікті
жақтастарымыз Мәжілістегі "ақжолдық" әріптестеріне АСР-ға қатысты
даудағы табандылықтары үшін алғыс білдірді. Бұл табандылық нәтижелі болды:
Президент Қ. Тоқаевтың нұсқауынан кейін Үкімет 795 ЭҚЖК түрінен тұратын тыйым
салу тізімінен бас тартып, бастапқыда «Ақ жол» демпартиясы талап еткен 44
қызмет түрінің тізіміне қайта оралды.
Біздің депутаттарды алаңдатып отырған келесі мәселе - АСР режимінің
аясын тарылтатын В&В келісімдері бойынша есептеулерді шектеу. Аймақтардағы
«ақжолдықтар» бізден үкіметпен дауды жалғастыруды және бұл шектеуді алып
тастауды сұрады. Партияластарыма бұл жағдайдың Үкімет қаулысымен белгіленетін
АСР тізімнен өзгеше екенін түсіндірдім. Ал, Салық кодексіне түзетулер алдыңғы
жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей енгізіледі. Соған қарамастан, бұл шектеуді іс
жүзінде қолдану оның қателігін тез арада айқындап, жоқ дегенде кері датамен
мәселені қайта қарауға мүмкіндік болады деп санаймын.
ШОБ үшін АСР мөлшерлемесін төмендету бойынша жергілікті мәслихаттардағы
«Ақ жол» депутаттарының жұмысын жеделдетуге ерекше назар аударылды. Біздің
парламенттік фракциямыз биылғы жылдың 24 қыркүйегінде Үкіметке, әкімдерге және
барлық қалалар мен аудандардың мәслихат төрағаларына тиісті парламенттік сауал
жолдады (https://t.me/peruash/14028), ал, мәслихаттардағы «Ақ жол»
фракцияларының барлығы дерлік бұл сауалды өз аймақтарында қайта көтерді; Кейбір
өңірлерде АСР төмендету туралы шешімдер қабылданып та жатыр (мысалы, Жетісу
облысында). Алынған жауаптарға сәйкес, көптеген аймақтарда тиісті шешімдер
дайындалып, алдағы апталарда мәслихат сессияларының қарауына ұсынылмақ.
Дегенмен, қабылдау мерзіміне (1 желтоқсан) бір ай ғана қалды. Сондықтан
бұл жұмысты күшейтіп, іс жүзінде жүзеге асырылуына қол жеткізу қажет.
Сондай-ақ Президенттің партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір
палаталы парламентке көшу туралы бастамасымен қолға алынған парламенттік
реформаны талқыладық, «Ақ жол» демпартиясы атынан Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин
жетекшілік ететін жұмыс тобына ұсынылған кейбір тәсілдерді атап өттім.
Осыған байланысты кейбір мәслихат депутаттары (Ж. Сәкетаева, ШҚО)
жергілікті өкілді органдарға сайлауда мажоритарлық жүйені ішінара сақтауды
ұсынды. Қазіргі кезеңде талқылау тек Парламент үшін партиялық тізімдерге толық
көшуге бағытталғанын; мәслихаттың сайлау жүйесі бұрынғыдай қалатынын
түсіндірдім.
Партияның кадр резервін қалыптастыру және әйелдердің, жастардың,
мүгедектердің және этникалық диаспоралардың өкілдіктерін кеңейтуге қатысты
мәселелерді қарастырдық. Аймақтардағы бұл жұмыстарға ерекше назар аударылды.








Осы және басқа да мәселелер сөз сөйлегендер:
- Сергей Горяной – Алматы облыстық
мәслихатының депутаты, «Имсталькон» компаниясы
- Евгений Кинцель – Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының депутаты, облыстық заң палатасының төрағасы;
- Асқар Тұрлыбаев – Солтүстік Қазақстан
облысы Теңдік ауылдық округінің әкімі;
- Қайрат Боранбаев – Қызылорда облыстық
мәслихатының депутаты;
- Ержан Хасанов – Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының депутаты;
- Жанна Сакетаева – Шығыс Қазақстан
облысы, Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты;
- Ханза Насруллаев – «Ақ жол»
демократиялық партиясының жастар ұйымдары кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы
- Ермек Әбілдин – Қарағанды облыстық
мәслихатының депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы филиалының төрағасы,
Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы;
- Олжас Нұралдинов – Мәжіліс депутаты.
Форум барысында Республика күніне орай
Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен марапатталған «Ақ жол» демократиялық
партиясының бірқатар мүшелеріне жоғары мемлекеттік наградаларды табыс еттім.
Мұхтар Шимиров - Шымкент қалалық кеңесінің
депутаты, кәсіпкер. «Құрмет» орденімен марапатталды;
Серік Мақажанов – «Меркі шипажайы» АҚ бас
директоры, Жамбыл облысы – «Құрмет» ордені;
Евгений Кинцель -
СҚО облыстық мәслихатының депутаты, заңгер
– «Құрмет» ордені;
Андрей Линник - «Adele
Energy Qazaqstan» ЖШС, Алматы
қаласы – «Құрмет» ордені;
Азамат Өтепбаев - «Сервистикалық орталық»
бас директоры, Павлодар - «Құрмет» ордені;
Ардақ Мансұров – Түркістан қалалық
мәслихатының депутаты, кәсіпкер – «Ерен еңбегі үшін» медалі;
Дәулет Қанатбай – Қармақшы аудандық
мәслихатының депутаты, кәсіпкер, Қызылорда облысы – «Ерен еңбегі үшін» медалі;
Бауыржан Жанғұнақов – «Выбор» ЖШС директоры,
Астана – «Ерен еңбегі үшін»;
Олжас Ботабеков - Іле аудандық маслихатының
депутаты, Алматы облысы.
Сондай-ақ, «Ақ жол» демпартиясының
көрнекті тұлғалары мен ең үздік филиалдарға бірқатар партиялық марапаттар
табысталды.








Басқа аймақтардан келген әріптестердің өтініші бойынша Қостанай филиалы
«Ақ жол» демпартиясының кәсіпкерлері үшін "Allur",
"Агромашхолдинг", "KamLit" машина жасау зауыттарына,
Локализация орталығы мен бір апта бұрын Президенттің қатысуымен қайта ашылған
KIA автомобиль құрастыру зауытына танысу сапарларын ұйымдастырды.
Бұл кәсіпорындар Allur компаниялар тобының құрамына кіреді және
қазақстандық серіктестерді CKD (шағын түйінді жинақтау) әдісі бойынша жабдықтар
мен көліктерге арналған компоненттер өндірісін игеруге белсенді түрде шақырады.
Әлеуетті жеткізушілерге жергілікті өндіріске ауыстырылуы мүмкін әртүрлі
құрамдас бөліктер мен бөлшектер ұсынылды (орындықтар, айналар, бамперлер,
глушительдер, тығыздағыштар, резеңке бұйымдар, алдыңғы және бүйірлік терезелер,
әртүрлі электроника және т.б., барлығы 3000-нан астам позиция). Мұндай
ынтымақтастықтың негізгі талабы - халықаралық бренд иесінің өнімді
сертификаттауы және персоналды оқыту/аккредиттеу. Біздің бірнеше әріптесіміз
ықтимал ынтымақтастық туралы қосымша ақпарат сұрады.
Форум соңында «Ақ жол» демпартиясы филиалының төрағасы және Қостанай
облыстық мәслихатының депутаты Махабат Жұтаевқа іс-шараны сәтті ұйымдастырғаны
және оның практикалық бағыты үшін алғыс айттым.










