09
Тамыз

Бекболат Уткелбаев “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акцияға үлес қосып, сенбілік өткізді

9 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

“Ақ жол” партиясынан сайланған Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты Бекболат Уткелбаев “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акцияға үлес қосып, ауыл шетіндегі заңсыз қоқыс алаңын тазартып, сенбілік өткізді.

Бұл жер арнайы қоқыс алаңы деп бекітілмеген. Ешқандай қоршауы, белгілері жоқ. Тұрғындардың ауласынан шығартып тастаған қоқыстары бей-берекет шашылып жатыр. Қараусыз жатқан жердегі қоқыстардың аумағы бірнеше жылда еселеп өсіп, жайыла түскен.

“Тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы техникамен күретіп, айналасын қолмен тазалап жинадық. Бұған бірнеше күн уақытымыз кетті. Қоқысты әр жерге төккендіктен, аумағы 40 гектардан да асып кеткен. Күнде тазартып, қоқысын жинап-өртеп, жанып біткен соң, су сеуіп өшіріп, ертесіне күл-қоқысын шығарып алып кетіп жатырмыз. Үлкен жолдың бойы, ауыл сырты қоқыстан таза болуы керек. “Таза Қазақстан” акциясына әр азамат өз ауласын, ауылын, тұрған көшесін қоқыстан тазартып, үлес қосуы тиіс”, - дейді Бекболат Уткелбаев.