13 тамыз 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ДПК “Ақ жол” филиалының облыстық маслихат депутаты
Бекзат Дайрабайұлы Жезқазған қаласындағы белең алған қоқыс мәселесі бойынша
11.08.2025 ж. кәсіпкерлер мен қала әкімі Қайрат Шайжанов, орынбасары Аслан
Арынов пен кездесіп:
Бекзат Дайрабайұлы: “Өздеріңіз білетіндей, соңғы кезде Жезқазған қаласының
қоқысын шығарушы мердігер «Сәт тазалық» ЖШСгі бәсекелестік ортадан шығып,
келісімшартты бұзған еді. Енді қаламыз қоқыс алаңына айналып, қала әкімшілігі
басқа мердігерлер мен Саябақтар мен демалыс орындарын басқару мекемесі. нің көмегіне
жүгінуге мәжбүр болуда.
Айта кетерім, бұл мәселені шешу үшін тапсырушы- қала әкімшілігі 27 тамызға
дейін бәсекелестік ортаға осы қоқысты жинауға жаңадан лот ұйымдастырды.
Бірақ бұл жұмыстарды жасауға ешбір мердігер құлшыныс көрсетпеуде.
Осы мәселеге алаңдаушылық танытып, мен Талдықорған мен Алматы қалаларындағы
қоқыс жинау және көгалдандырумен айналысатын кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп,
Жезқазғанға келулерін өтіндім.
Кәсіпкерлер келісіп, дүйсенбі күні қала әкімі Кайрат Шайжанов және
орынбасары Аслан Арынов пен кездесіп, жалпы қоқыс мәселесін шешу жолдарын
талқылап, қаламыздағы қоқыс алаңдары мен қоқыс полигонын өз көздерімен көріп,
аралап қайтты.
Қала әкімі мен орынбасарлары оларға толық ақпарат беріп, келген
кәсіпкерлерге бәсекелестік ортаға заң аясында тендрге қатысуды ұсынды.
Кәсіпкерлер өздеріне керекті мәліметтерге қаныққаннан кейін, тендрге
қатысамыз деп шешім қабылдады.
Басты мақсат: Қоқыс мәселесін шешуге
үлкен қадам жасалды.
Осы кездесуді ұйымдастырған ақжолдық Marhat Hamit пен мен келген кәсіпкерлерге қонақжайлық
көрсетіп, оларды шығарып салдық. Үмітіміз ақталып, қаламыздың қоқыс мәселесі
шешіледі деп сенеміз”.
