19
Мамыр

“Беларусь” этномәдени бірлестігі ұйымдастырған “Бейбітшілік үшін естелік!” ұрпақтар кездесуі өтті

19 мамыр 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Павлодар Достық үйінде “Беларусь” этномәдени бірлестігі ұйымдастырған “Бейбітшілік үшін естелік!” ұрпақтар кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

“Ақ жол” демпартиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Викторович Корепанов бірлестік мүшелерін мерейтойлық күндерімен құттықтап, құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы Павлодар облысы бойынша мұрағат ісінің ардагері Х.Акимханов, ЭКО ақсақалдар кеңесінің төрағасы В.Рак, “Майдан жолы” Павлодар іздеу жасағының командирі А.Шитов, фотограф Р.Әнуарбеков, орталық төрағасы Л. Богнат айтып берді.

Кездесуге қатысушылар ардагерлерге бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Іс-шараға ардагерлер, қоғам белсенділері, мәдени орталықтардың өкілдері, жастар қатысты.