26 мамыр 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының шешімімен Берік Дүйсембинов «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің хатшысы болып сайланды.
Сондай-ақ, Берік Дүйсембиновке «Ақ жол» парламенттік фракция аппаратының жетекшілігі және жергілікті мәслихаттардағы депутаттық топтармен жұмыс жөніндегі үйлестіруші лауазымдары жүктелді.
Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы, «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, VI-VII шақырылымда сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол Парламент Мәжілісіндегі бірнеше маңызды баяндамаларымен белгілі әрі тәжірибелі саясаткер.