31
Наурыз

Берік Дүйсенбинов: Алаш әскері боздақтарының ресми тізімін жасау қажет - "egemen.kz"

https://egemen.kz/article/270149-berik-duysenbinov-alash-askeri-bozdaqtarynynh-resmi-tizimin-dgasau-qadget

Депутат Берік Дүйсенбинов Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияға бірнеше ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановқа бағыттаған депутаттық сауалында мәжілісмен Хангелді Әбжанов төрағалық ететін «Әділет» қоғамы мен профессор Ғарифолла Әнес басқаратын «Арыс» қорына аштық құрбандарын анықтап, тізімдеу жұмыстарын қолға алуда мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету керек деген ой айтады.

«Бүгінде Алаш әскерінің құрамында жүріп жанын пида еткендердің сұрау салатын іздеушілері де жоқ. Әрине, олар әлі күнге дейін ақталған жоқ. Nur Otan фракциясындағы әріптесіміз Берік Әбдіғалиұлы бұл тақырыпты зерттеуді бастап кеткен де болатын. Бұл көтерілістерде құрбан болған батыр бабаларымыз бен Алаш әскерінің құрамында жүріп, жанын пида еткендердің тізімін анықтауды ресми қолға алу қажет», деді депутат.

Депуттаттың пікірінше, репрессия мен аштықтан қашып, шекарада қызылдардың қырғынына ұшыраған босқындардың тізімін әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып анықтауды ұсынды.

«1920-1930 жылдары болған 360-тан астам қарулы көтеріліс пен аштық құрбандарын тізімдеу барысында олардың туыстары мен бүгінгі ұрпақтарын іздестіріп, оны жариялап және жаңалап отыру үшін арнайы ресми сайт ашып, оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және бұл шараларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асыру керек» делінген депутаттық сауалда.