30
Қантар

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XIV конференциясы өтті

Конференция отырысына «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, Мәжілістің экс-депутыты Берік Дүйсембинов,  Мәжілістің экс-депутаты Фуат Сатыбаев, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат төрағасы, жергілікті деңгейдегі мәслихаттардың экс-депутаттары, «Ақ жол» ҚДП республикалық деңгейіндегі филиал мүшелері, партияның Маңғыстау облыстық филиалының белсенді мүшелері, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшелері мен ардақты ата-аналары, Жалау ата, Төлеген Айбергенов, Зияда Ижанов, Күмісәлі Бөриев ұрпақтары мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияда сайлауалды дайындықтың өзекті бағыттары, сондай-ақ, партия құрылтайына келетін Маңғыстау облысының делегаттарын сайлау және облыстық маслихат депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі талқыланды.


«Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XIV конференциясына 100 делегат сайланды.  Конференция жұмысына 98 делегат қатысып , 2 делегат дәлелді себептермен қатыспады.

Конференцияның қаулылар мен шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданды.

Жиында  филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев жылдық есебін берді. Сондай-ақ, «Ақ жол» демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалы атынан мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі талқыланды.

Партиялық тізімге ұсынылған 18 үміткер 1 ақпанда өтетін «Ақ жол» демпартиясының құрылтайында бекітіледі және конференция қатысушылары осы құрылтайға Маңғыстау облысынан келетін 6 (алты) делегатты сайлады.

Жиын соңында өңірдең дамуына үлес қосқан бір топ азамат «Ақ жол» демпартиясының мерекелік медалдары мен алғыс хаттарымен мараптталды.