Станцияның қуаты Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаны Қазақстан-Оңтүстік Корея консорциумы жүзеге асыруда, құны 800 миллиард теңгеден асады, құрылыс алаңы 60 гектарды құрайды. Бір қызығы, үлкен аймақ үшін осындай маңызды жоба Сайрам ауданы әкімшілігі тарапынан ПГУ инфрақұрылымын салуға қажетті жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуге жол бермеу сияқты кедергіге тап болып отыр.
Сондай-ақ, «Тассай» индустриялық аймағында болып, «Stroi Construction» ЖШС-нің ыстық мырыштау зауытының жүзеге асырылу барысын тексеріп, бірқатар инвестициялық жобаларды, Өндірісті дамыту қоры тарапынан ықтимал әрекеттестікті талқыладық.
«Ақ жол» демпартиясының ардагері, Сарысу
ауданының Құрметті азаматы Бәсие Әбдірахмановты 85 жасқа толған мерейтойымен
құттықтау үшін Жамбыл облысының Жаңатас қаласына аялдадық. Әкемнің жақын досына
зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және өмірдің қуанышты сәттерінің көп болуын тіледім.