16
Сәуір

Бюджеттік кодекс бойынша Мәжілістің жұмыс тобы "Ақ жол" фракциясының 9 түзетуін қабылдады

https://t.me/peruash/11350

Бүгін Бюджеттік кодекс бойынша Мәжілістің жұмыс тобы мемлекеттік органдардың мемлекеттік функциялары берілген, атап айтқанда, азаматтар мен кәсіпкерлерден міндетті төлем алатын құрылымдардың Парламент пен маслихат алдындағы есептілігіне қатысты "Ақ жол" фракциясының 9 түзетуін қабылдады.

Мәселе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы төлемдері), РОП (утильалым), Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (медициналық сақтандырудың міндетті төлемдері), "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС (тауарларды міндетті таңбалау) және т.б. секілді мекемелер жөнінде.

Біздің бұл түзетуді енгізгенімізден кейін, мемлекеттік органдар қоғамның мемлекетке емес, өзге құрылымдарға төлейтін міндетті төлемдерінің 92 түрін анықтаған.

"Ақ жол" демпартиясы мемлекеттің азаматтар мен бизнесті төлеуге міндеттейтін төлемдерін салықтың бір түрі деп санайды, сондықтан, оларды пайдалану ашық әрі өкілді органдар алдында есепті болуы керек.

Бүгін жұмыс тобының мүшелері ұсынысымызды бір ауыздан қолдады. Сол үшін жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева мен барша әріптестерге алғыс айтамын.

Рас, біздің приниципшіл ұстанымымызға көбіне Үкімет теріс қорытынды берген; бүгін соларды талқылау барысында Үкіметтің мұндай ұстанымының орынсыз екенін атап өттім.

Жұмыс тобы оларды қайта пысықтауға қалдырған соң, пікірталастың бұл тұсы туралы келесіде айтармын.