18
Ақпан

"Бізге көмектесіңіз… Ақ Жол!»

17 ақпан 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

Аймақтарға жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары, "Ақ жол" фракциясының мүшелері Дания Еспаева мен Ғани Хамзин партияның Қостанай облыстық филиалының бейнестудиясында қоғамдық қабылдау өткізді.

ВКБ арқылы облыс тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын онлайн режимінде ала алды. Мысалы, Арқалық қаласының тұрғыны Айтжан Құрманғалиұлы жастарды жұмысқа орналастыру, билік органдары мен мәслихаттарда жастардын өкілдік квотасы, жоғары білім мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйдің қолжетімділігі, азық-түлік және коммуналдық қызметтер бағасының өсуі мәселелерін көтерді.

Жітіқара қаласының тұрғыны Светлана Городецкая Житикара ковид бойынша қызыл аймаққа орналасқандықтан аудандық ауруханада физиоемдеу қызметін ала алмайды. Пригородное ауылының тұрғындары билік пен қоғамның назарын өз проблемаларына аударуға тырысуда:

Комаров тау-кен кәсіпорнының карьеріндегі жарылыстардың салдарынан олардың 70-80 жылдардағы ескі үйлерінінің жарлары жарылып, кез-келген уақытта құлауға дайын.

"Юбилейный" кооперативінің иелері Ақ жол депутаттарымен кездесуге толық құрамда келді. 30-ға жуық адам өздерінің саяжай кооперативі бұзу мен көп қабатты үйлердің құрылысына қарсы. Адамдар үміті таусылды , көбісі мұнда үйлер салып, басқа тұрғын үй сатып алу мүмкін болмай өмір сүреді.

  • "Сіздер адамдарға көмектесіп, қазақстандықтардың құқықтарын қорғап, тиімді нәрселер ұсынып отырғандарыңызды көріп отырмыз. Бізді ешкім естімейді, барған жер жоқ. Бізге көмектес … Ақ жол!"- деді кооператив төрағасы Наталья Питронова.

Қоғамдық қабылдау нәтижелері бойынша облыстық және республикалық деңгейде бірқатар депутаттық сауалдар жасалады деп сендірді мәжілісмендер. Қоғамдық қабылдаудан кейін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, партия мүшелерімен, қалалық және аудандық партия төрағаларымен актив өткізілді.