2 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облыстық филиалы, «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, Жаңасемей
аудандық мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы Бөкенші ауылының
тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары жергілікті
шаруашылықтың дамуына маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жайылым
жерінің жетіспеушілігі мен мал сою алаңын салу мәселелері талқыланды. Бұл
мәселелер ауыл шаруашылығы мен мал өсірушілер үшін аса өзекті болып отыр.
Ермек Төленұлы ауыл тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап,
оларды шешу жолдары бойынша нақты қадамдар жасауға дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар, ол ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға
бағытталған ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдармен талқылап, шешім қабылдау
үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
Бұл кездесулердің маңызы зор, себебі әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы
біздің ауданымыздың дамуына ықпал етеді.