22
Мамыр

«Бұл - дискуссиядан қашқандардың, қорыққандардың әрекеті!»

https://t.me/usbanov/16126

«Ақ жол» партиясының оппоненттері партияның желідегі парақшаларына «шабуылдауда». Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді. 

 

«Ақ жол» демократиялық партиясының жұмысы мен баяндамалары, депутаттық сауалдары әлдекімдердің шымбайына қатты тиіп жатқанға ұқсайды. Және әр жолы бұл еселеніп жатыр. Егер, осыған дейін Тик-Ток-тағы біздің баяндамаларымыз, сөйлеген сөздеріміз бен депутаттық сауалдарымыздың бейнероликтері ішінара бұғатталып келсе, енді бүгін партияның ресми аккаунты түгел бұғатталды. 

 

Біздің кімдердің қан жарасының бетін тырмап, шымбайына батып келеді екенбіз? Сол қызық! Біздің оппоненттеріміз сөзжарысқа шығудан жалтарып, біздің аккаунттарымызға жаппай шағымданып, бұғаттап жатыр», - деп жазды Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың телеграм арнасы.

https://t.me/peruash/11521