20 ақпан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облыстық филиалы, «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, Жаңасемей
аудандық мәслихатының төрағасы Әбілмәжінов Ермек Төленұлы Мұқыр және Шақаман
ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында ауылдардың өзекті мәселелері талқыланды, соның ішінде:
Жолдарды жөндеу – ауыл ішіндегі және негізгі жолдардың сапасын жақсарту
қажеттілігі;
Жайылымдық жерлер – мал шаруашылығын дамыту үшін жер тапшылығы мәселесі;
Дәрігерлердің жетіспеушілігі – ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет
көрсету қажеттілігі;
Спорт кешенін салу – жастар мен ауыл тұрғындары үшін спорттық
инфрақұрылымды дамыту жоспары;
Көше жарықтандыруын жақсарту – ауыл ішіндегі жарықтандыру мәселелерін шешу;
Жаңа үйлерді пайдалануға беру – тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары
қарастырылды.
Тұрғындар көтерген бұл мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта
оларды шешу бағытында жұмыстар жүргізілетіні талқыланды. «Ақ жол» Демократиялық
партиясы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін нақты қадамдар жасауды
жалғастырады.