16 қыркүйек 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Алматы облысы, Іле ауданы маслихатының “Ақ жол” демпартиясынан сайланған
депутат Ботабеков Олжас Тоқанұлы ҚР Президенті Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының
бұйрығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Олжас Тоқанұлы 15 жылдан
бері Алматы облысы, Райымбек ауданында қоңыр көмір өндіретін ЖШС “Беркүт”
мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарады. Мекемеде 30 ауыл тұрғыны
жұмыс жасайды. Көмірді осы аудан тұрғындары пайдаланады.

