31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Оңтүстік өңірінде 7 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, оның 2500-і атылған. Қаламызда орналасқан «Қасірет» мемориал кешеннің тарихы ауыр әрі азалы, өйткені мұнда XX ғасырдың 30-40 жылдары және 50 жылдары басындағы қуғын-сүргін құрбандарының сүйегі жатыр.
Бүгін «Ақжолдықтар» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын, халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдерді еске алып, рухтарына құрмет көрсетті.
Олар «Ана мен бала» ескерткішіне гүл
шоқтарын қойып, «Қасірет» мемориалында әруақтарға арнап құран бағыштады.