28
Қазан

Бір жекпе-жек, бір чемпион! - www.alashainasy.kz

 «Ақ жол» демократиялық партиясы ұйымдастырған турнирдің арқасында еліміздегі чемпиондар саны бірлен 35 адамға көбейді. Алматыдағы EventCityHALL (CINEMABAR) ойын–сауық клубында партияның қалалық филиалы ұйымдастырған турнирге 35 жұп боксшы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бұл турнирдің ерекшелігі сол - онда неше жұп болса сонша чемпионның анықталатыны. Тек әуесқойлар арасында ғана өткізілетін биылғы сайыс Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Бір жекпе-жек, бір чемпион тәртібі бойынша өткізілген сайысқа әр түрлі жастағы 70 спортшы қатысты.
«Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – тұрғындар арасында Алаш зиялылары ұстанған, көтерген идеяларды жандандырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы турнирге қатысқан немесе сол сайысты көзімен көргендер әуесқой бокспен түбегейлі айналысуға шешім қабылдап жатса құба құп. Кім білсін сол әуесқойлар арасынан Головкин секілді чемпиондар да шығып қалар», - деді турнирге қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков.
Партияның қолдауымен осымен төртінші рет өткізіліп отырған қалалық турнирге осы жолы Алматы қаласынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысынан да қатысуға өтініш түсіпті. «Сол себепті біз бұл турнирді алдағы жылдарда республикалық деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз», - «Ақ жол» партиясының қалалық филиалының жетекшісі Дмитрий Васильев.
Басқа басқа біздің елімізде бокс нөмірі бірінші спорт саналатыны белгілі. Сондықтан болар турнирге келген көрермендер санында шек болған жоқ. Кейбір жанкүйерлер 5 сағатқа созылған сайысты бастан-аяқ тұрып көрді. «Егер осы жекпе жекте жеңіске жетіп жатсам, жаттығуды одан әрі жалғастырып қана қоймай, 3 жасар балаға бокстың қыр-сырын үйрете отырып, чемпион болатындай етіп тәрбиелемекпін», - дей сала рингке жүгіріп шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Қайрат Томанов.
Шара демеушілері турнир жеңімпаздарымен қатар жеңіліс тапқандарға да ынталандыру сыйлығын үйлестірді.
 
Дерекнама - www.alashainasy.kz  (Казахстан), 24.10.2015