БҚО Бөрлі ауданы биылғы су тасқынын
нөпірін бірінші қабылдаған аудан болатын.
Осынау ел басына туған сын сәтте біздің
депутаттарымыз елмен бірге болып, қажыр-қайраты
келгенше көмек етті. Осыны аудандық әкімдік те ескеріп, Бөрлі аудандық мәслихатындағы «Ақ жол» фракциясының төрағасы Серік Дүйсеновпен
депутат Алма Болатқызын салтанатты түрде марапаттады.