17 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Ұлттық құрылтайдың 25
жылдығына орай «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы «Жаһандану
үдерісіндегі адамның ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау» тақырыбында
дөңгелек үстел отырысын өткізді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға аталған оқу орны мен
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы
жоспарына сай партия өкілдері арнайы шақырылды.
Дөңгелек үстелге сондай-ақ әлеуметтанушы, дінтанушы ғалымдармен, колледждер
мен мектеп оқушылары қатысты.
Басқосуда модератор, кафедра доценті Гүлжан Идиросова келген қонақтарды
таныстырып өтіп, дөңгелек үстел тақырыбының мән-маңызына тоқталды. Кафедра
меңгерушісі Аурика Серубаева ұлттық құндылықтарды сақтаудағы ұрпақтар
сабақтастығының рөлі туралы айтып өтті.
Қызу пікірталас өрбіген дөңгелек үстел отырысында партия филиалының
баспасөз хатшысы Ардақ Жаңбыршы ұлттың мәдениеті әдебиеті мен тарихымен
біртұтас екенін айта келе, «Ақ жол» партиясының рухани мұраны жаңғырту
бағытында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
