26
Ақпан

Дәния Еспаева банк пен сақтандыру секторы, тұлғалардың банкроттығы бойынша сот-атқару жүйесінің өкілдерімен кездесті

25 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы

«Ақ жол» фракциясының депутаты Дәния Еспаева банк пен сақтандыру секторы және де тұлғалардың банкроттығы бойынша сот-атқару жүйесінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында депутат «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң жобасы туралы айтып берді.

Мәжілісімен атап өткендей, «Ақ жол» партиясы соңғы 8 жыл ішінде Үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелерін заңнамалық тұрғыдан шешу қажеттілігі туралы бірнеше рет ұсыныс жасады. 2015 жылы депутаттық бастама көтерген «Ақ жол» фракциясының депутаттары жеке заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына еңгізді.  

Қаңтар қасіретінен кейін «Ақ жол» партиясы аталған заң жобасын Үкіметтің қарауына қайта енгізді. Қаржы министрлігі өзінің заң жобасын ұсынып, бұл ретте партия ұсынған заң жобасының нормалары ішінара ескерілді.

Депутат облыстың қаржы секторы өкілдеріне түсіндіргендей, жеке тұлғалардың несие көлемі сыни деңгейге дейін өсті. Заңның қабылдануы борышкерлерге соңғы баспанасына дейін айырылып қалмай, оңалту жоспарында көрсетілген мерзімде қарызын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл төлем қабілеттілігін соттан тыс тәртіпте қалпына келтіру рәсімі аясында жүзеге асырылады.

Табыс жоқ және қарызы 5 млн теңгеден асқан жағдайда заң жобасында сот банкроттығы мен мүлікті сату да қарастырылған. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, онда несие берушілер оған өтініш бере алмайды.

Сонымен бірге депутат стресті активтер деңгейін төмендету бойынша және де атқарушылық іс жүргізу бойынша заң жобаларында айтып берді.

Кездесу қызықты өтті, жоспарлаған бір сағат орнына екі сағаттай өте ашық диалог болды.