20 наурыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Бүгін Шымкент қаласында «Dauletten» қайырымдылық қорының қолдауымен және
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара Саранованың
ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастама аясында 100 отбасыға
азық-түлік себеттері таратылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Шараның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіру және Ұлы
Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен ардагерлердің еңбегін ұлықтау.
Ұйымдастырушылар тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, оларға алғыс айтып,
сый-сияпат жасады.
– Қайырымдылық – қоғамның ажырамас бөлігі. Әсіресе, ардагерлерімізді
ардақтау – біздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі шара арқылы біз олардың ерлігін
еске алып, құрмет көрсетуді жөн көрдік, – деді шара ұйымдастырушысы Данара
Саранова.