7 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара Саранованың
ұйымдастыруымен қала аумағын абаттандыру мен жас ұрпаққа экологиялық тәрбие
беру мақсатында «Таза қала» акциясы өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға
тазалықтың маңыздылығы түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғауға әр азаматтың
үлесі қажет екені айтылды.
Акцияға арнайы эколог маманы да шақырылып, ол қала экологиясына қатысты өз
пікірін білдіріп, жастарды табиғатты аялауға шақырды.
Шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылды. «Ақ жол» партиясының
жас белсенділері Абай мүсінінің айналасын тазартып, ескерткішті жуып-сүртті.
Сонымен қатар, олар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармаларын
насихаттады.

