'Ақ жол' ҚДП-ның Ақтөбе облыстық филиалы, 2016 жылдың 28 шілдесі
Дания Еспаева сайлаушылармен кездесулер жүргізуде - ағымдағы жылдың 23 шілдесінде депутат Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына барды.
Аудан әкімінің орынбасарымен бірлесіп, ең түпкі ауылдық округі (аймағы) - Тереңсай ауылына бару жүзеге асырылды. осы округ тұрғындарымен кездесу жүргізілді. Депутат Еспаева Мәжілістің жұмысы туралы 'Ақ жол' ҚДП парламенттік фракциясының қызметі туралы әңгімеледі, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында кентті газбен жабдықтау, білім беру, орта мектептерінде үштілді білім беру енгізу талқыланды. Кент тұрғындары интернеттің жоқтығына шағымданды. Сонымен қатар, кездесуге қатысқан фермерлер егіске субсидиялаудың жоқтығы туралы мәселені көтерді.