4 шілде 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Ақ жол» демократиялық
партиясы фракциясының мүшесі Дәния Мәдиқызы Еспаева Ақтөбе облысына жұмыс
сапары аясында индустриялық аймақта орналасқан «ECOSYSTEM» зауытына барды.
Аталған кәсіпорын — агрохимия саласында 2019 жылдан бері табысты жұмыс
істеп келе жатқан «MKR GROUP» компаниясының жобасы. 2025 жылы құрылысы
аяқталған зауытта пестицидтер, сұйық минералды кешенді тыңайтқыштар, стерня
деструкторы және беттік-белсенді заттар өндірісі жолға қойылады.
Депутат өндірістік нысанның жұмысымен танысып, агроөнеркәсіптік кешен үшін
отандық өнімнің қолжетімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және
ауыл шаруашылығы өнімділігін көтеру тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылығы алдағы жоспарларымен бөлісті. Олардың
қатарында өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жобалар іске қосу және пластик ыдыс шығаратын
желіні іске қосу бар.
Дания Еспаева өндірістік кәсіпорындардың өңірлік даму мен ұлттық
экономиканы әртараптандырудағы рөліне ерекше тоқталып, мемлекет тарапынан
қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға шақырды.

