4 шілде 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
2025 жылғы шілде айының басында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс
Төрағасының орынбасары, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі
Дания Еспаева Ақтөбе қаласындағы құрылыс индустриясында жетекші орын алатын
«Стройдеталь» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу аясында депутат зауыттың өндіріс барысымен танысып, ISO 9001 сапа
стандартына сай жұмыс істейтін кәсіпорын қызметіне оң бағасын берді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Дания Еспаева жаңартылған Салық кодексі,
Тұтынушылық кредиттер туралы заң секілді маңызды заңнамалық өзгерістердің
мазмұнына тоқталып, олардың бизнеске және азаматтардың қаржылық тұрақтылығына
әсері туралы түсіндірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қызметкерлер көкейлеріндегі
сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын білдірді. Депутат заң шығару процесінде
халықпен кері байланысты күшейту маңызды екенін атап өтті.
Бұл кездесу билік пен өндірістік сала өкілдерінің өзара байланысын
нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.


