06
Қантар

Дания Еспаева Ақтөбеде сайлаушыларымен кездесті

6 қаңтар 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында алдымен «Азайа» тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Кездесуде тауардың экспорты мен импортына қатысты сауалдар талқыланды.

Мұнан соң депутат "Еуразиялық Банк" мекемесінің облыстағы филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жиналған көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті.

         Сондай-ақ, аймақта халық қалаулысының қатысуымен «Ақ жол» партиясы әзірлеген «Парламенттік оппозиция туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын талқылауға бағытталған партия мүшелерінің кезектен тыс кездесуі өтті. Жиын барысында бекітілген заңның аясында дөңгелек үстел өткізіліп, белсенділер бір ауыздан қолдайтынын білдірді.

         Мұнан соң партия құрамына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өткізіліп, фракция депутаты Дания Мәдиқызы 11 азаматқа партия билетін табыстады.

         Партияның Ақтөбе облыстық филиалының кеңсесінде Мәжіліс депутатының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Кездесуге келген  жұртшылық өздерінің жеке мәселелері бойынша өтініштерін   білдірді.