10
Қантар

ДАНИЯ ЕСПАЕВА БАНК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

10 қаңтар 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы


Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ақтөбе қаласында «Банк Центр Кредит» ұжымымен кездесті. Шара барысында кіші және орта бизнеске қатысты пікір-алмасу өрбіп, жиналған көпшіліктің көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы тапсырмасын орындауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда айтылған зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және қорықшылар қызметі инспекторларының өміріне қол сұғу, мас күйде көлік жүргізу және басқа да ауыр қылмыстар бойынша жауапкершілікті қатаңдату туралы заңды талқылады. Жаңа заң бойынша, зорлау орташадан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылғандығын көпшіліктің назарына жеткізді.
Мұнан соң партия құрамына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі болып, фракция депутаты Дания Мәдиқызы 4 азаматқа партия билетін табыстады.