20
Мамыр

«Дарын» мектебінің оқушыларына өлке тарихын түсіндірді

2024 жылдың 20 мамыр күні «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиал кеңсесінде, филиал төрағасының орынбасары Сейсегүл Әбдісаттарова  облыстық  «Дарын» мектебінің оқушыларын қабылдады.

Дарынды жастарға партия бағдарламасы мен атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді, Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылық жұмыстары туралы қызықты, тартымды әңгімелер айтылды.


Жастарға  филиал кеңсесінде  құрылған  Әулиеата өңірінде өмір сүріп, Алаш қозғалысының жандануына бар күш-жігерлерімен еңбек еткен Кенесары ханның немересі Әзімхан Кенесарин және Алаш қайраткерлерінің идеясын іске асыру үшін үлкен жұмыстар атқарған  Мұстафа Бұралқиев пен Қызыл-Ордада 1925-26жж тұңғыш ұлттық театр ашқан Дінше Әділовтар туралы архивтен алынған мәліметтер мен деректермен таныстырды.