23
Ақпан

“Дебат көктемі”: Жастар кеңесінің жеңіс жолы

23 ақпан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

23 ақпанда Шәкәрім университетінің Парасат интеллектуалды дебат клубы ұйымдастырған “Дебат көктемі” турниріне қатысқан «Ақ жол» партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Қыдирмина Айым – үздік төреші ретінде танылды.

Сәрсен Жанерке – негізгі алаң финалисті мәртебесін иеленді.

Ахатқызы Бинұр – негізгі алаң жеңімпазы әрі үздік спикер атағын алды.

Бұл жетістіктер жастар кеңесінің жоғары біліктілігі мен болашаққа деген сенімін дәлелдейді. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жобаларда табыстар тілейміз.