21
Ақпан

«Демократиялық қоғамдағы жастардың рөлі» атты жиын өтті

21 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы 

«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы Жастар қанатының көшбасшысы Қадіржан Есеновтің бастамасымен өткен жиынға филиал төрағасының орынбасары С. Әбдісаттарова,  заңгер Ж.Сариев және Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Д.Ахметжаев, сонымен қатар Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысты.


Жиында Сейсекүл Дүйсебайқызы еліміздегі саяси реформалар туралы айтып өтсе, депутат Дәурен Ахметжаев жастарға жасалып жатқан жағдайлар мен мүмкіндіктерге тоқталды.

Студент жастар өз ойын ортаға салып, мемлекеттік қызмет, жастардың кадрлық резерві, сайлау жүйесі туралы сұрақ қойды.