29
Наурыз

Депутат Қазбекова Көкшетауда партияның активімен кездесті

2018 жылғы 29 наурыз, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Депутат Қазбекова Көкшетауда партияның активтерімен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, депутат сайлаушылармен көшпелі кездесулерді өткізу шеңберінде өңірге арнайы келген еді. Қазбекованың жұмыс сапары партияның облыстық филиалының жаңа кеңсесіне барудан басталды. Активпен кездесу барысында ол қызметкерлердің жұмыс жоспарымен және еңбек жағдайымен танысты.

           

Облыстық кеңестің мүшелерімен кездесу барысында депутат өзінің іс-сапармен келгендегі басты мақсатымен бөлісіп, депутаттық корпустың ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарған бірқатар жұмыстары жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды.

           

Кестеге сәйкес, депутаттың облыстың бірнеше аудандарына барып, өңірлерді аралауы жоспарлаған.