7 желтоқсан 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Дәурен
Ахметжаев Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылдық округіндегі Түркісіб
ауылындағы ескерткіші және спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Дәурен Ахметжаев Жамбыл аудандық қоғамдық
кеңес мүшелерімен бірге жүргізген зерделеу барысында нысандардың құрылыс
жұмыстарының сапалы жүргізілуіне назар аударды. Жіберілген кем-кетікті
мердігерге ескертті.
Айта кету керек, ақжолдық депутат Бесағаш
ауылында салынып жатқан спорт кешеніндегі құрылыс жұмыстарын тұрақты бақылауда
ұстап келеді.