04
Қантар

Депутат Ержан Бейсенбаев Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесті

4 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

«Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі, депутат Е.Бейсенбаев Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентіндегі кәріс су станциясы маңда тұрып жатқан тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-уәждерін тыңдады.

Тұрғындар өздерін алаңдатып отырған мәселелер бойынша, атап айтқанда кенттегі кәріз су станциясының жағымсыз иісінен зардап шегіп отырғандықтарын айтып, станцияны басқа жаққа көшіру мәселесін, кент тұрғындарына арнап стандартқа сай заманауи емхана салу және қазіргі таңдағы емхананың көрсететін қызметінің сапасына көңілдері толмайтындықтарын айтып, депутатқа жазбаша түрде арыздарын тапсырды.

Кездесуге Тасбөгет кентінің әкімі А. Тныштықбай қатысты. Сондай-ақ, Е. Бейсенбаев Қызылорда облыстық телеарнасына сұхбат берді