03
Желтоқсан

Депутат Ләйлә Беспаева Байзақ аудандық мәслихатының отырыстарына қатысты

3 желтоқсан 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ләйлә Беспаева мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

Жиында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша хабарламалар тыңдалды. Депутаттар баяндамашыларға көтерілген тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, жауап алды.

Түстен кейін өткен кезектен тыс өткен сессия отырысында тұрақты комиссияда қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.