6 желтоқсан 2024 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты
пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясынан құрылған уақытша депутаттық
комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқарма басшысының
басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі және Түркістан
облысының жер қатынастары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер
мен функциялардың атқарылуы жөніндегі
есебі тыңдалды.
Уақытша депуттаттық комиссияның жұмысына Көшенов Сұлтан Бахытұлы төрағалық
жасап, облыстық мәслихат депутаттары С.Арыстанов, Т.Қалмуратов, Т.Қаржауов,
Г.Мәлікова, Е.Хандиллаев, Н.Сейітжанов, Қ.Нышанов, С.Ералиев, Н.Шақимергенқызы
қатысты.
Жиын барысында облыстық мәслихаттың депутаттары басқарма басшыларына сұрақтар қойып, мәжілістен соң Түркістан қаласындағы Жасыл белбеу және Жасыл аймақ мекемелерінің жұмысымен барып танысты.