https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/749331-deputattar-ondiris-ornyn-aralady
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы
Азат Перуашев бастаған делегация мүшелері Жезқазғандағы өндіріс орындарын
аралады.
Мыс балқыту
зауытына барған олар жұмысшылармен жүздесіп, өнеркәсіптегі тың технологиялармен
танысты. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, адам капиталын арттыру жұмыстарының
жай-жапсарын бағамдады. Кәсіпорын директоры Саят Атен саланың даму үрдістері
және алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.
Азат Перуашев,
«Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Іс-сапар
барысында бірнеше осы Жезқазғандағы кәсіпкерлерді аралап жүрміз. Өндіріспен
істейтін, техникалық заттар шығаратын кәсіпкерлермен кездестік. Негізгі
мақсатымыз – елімізде, экономикамызда болып жатқан өзгерістермен танысу. Біз
енді парламентте экономикаға бірнеше маңызды өзгерістерді талқыладық, заңдарды
қабылдадық. Сол заңдардың экономикамызға әсері қандай екенін нәтижелі бола ма,
жоқ па, кемшілік болса, кемшілік қандай? Танысып жүрміз және де әрі қарай
болашақ біздің заң шығарушы жұмысымызға тиісті ақпарат алып отырмыз.