29
Наурыз

Депутат ауыл халқымен кездесті

29 наурыз 2021 жыл, "Ақ жол" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Науырыз айының басында " Ақ жол " партиясының Семей қалалық депутаты Құсаинов Қайрат Мұқатайұлы Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлымен сайлау округі Комсомольский кентін аралап халқымен кездесті.

Депутаттың көмегімен бұл жерге өткен жылдары су өткізіліп, жарық тартылған болатын. Қазыргі таңда халықтың көтеріп отырған сұрақтары: жол салу, қала депутатының айтуы бойынша бұл сұрақты шешуге биыл 131 млн тенге бөлінді, сонымен қатар бұл жерге автобустардың жүрмеуі, аптекалардың жоқтығы және көшелерін жарықтандыру мәселелері талқыланды.

Семей қаласының әкімі және "Ақ жол" партиясының қалалық депутаты көтерілген сұрақтарды шешуге уәделерін беріп, халықтың ризашылығын алды.