15
Наурыз

Дмитрий Корепанов ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясын өткізді

15 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Биылғы жылы Наурызнаманың онкүндігі мен Қасиетті Рамазан айының мерекесі сәйкес келді. “Ақ жол” партиясы Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясын өткізді.

Мұндай акциялар мұқтаж жандарға материалдық қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы өзара көмек пен ынтымақтастық рухын нығайтуға көмектеседі. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсету арқылы жастарға үлгі болады.