24
Қыркүйек

Дәния Еспаева АЭС салу бойынша алдағы референдум қарсаңында Ақтөбе облысында кездесулер жүргізді

24 қыркүйек 2024 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

Дәния Еспаева «Aqtobe su-energy group» АҚ ұжымымен кездесіп, АЭС салу тиімділігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Елімізде энергия тапшылығы жыл сайын 3 пайызға өсіп келеді. Сондықтан Дәния Еспаева Қазақстанда АЭС салу тиімді шешім екенін жеткізді. Ал жаңартылған энергия көздері, табиғи құбылыстарға байланысты тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті АЭС салу Қазақстанды энергетикалық, стратегиялық және саяси тәуелсіздікке апаратын жолдардың бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, дамыған елдер бір емес, бірнеше АЭС салып, жемісін көріп отырғандығын жеткізді. Жер көлемі Қазақстанның 1/8 бөлігі болатын Франция 56 АЭС салып, энергия көзін экспорттау арқылы пайда көріп отырғандығын айтты.

Басқосуда Атом электр станциясы туралы мәліметтер, оның техникалық және ғылыми аспектілері, кететін шығын мөлшері, мамандар әзірлеу, АЭС орналасатын орын және құрылыс мерзімі айтылды.

Сөз соңында, Мәжілісмен жиынға қатысушыларды 6 қазан күні референдумда өз таңдауын жасауға шақырды.