3 шілде 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының
орынбасары, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Дәния Мәдиқызы
Еспаева “Campit” балалар демалыс лагеріне барып, оның қызметімен танысты.
15 гектар аумақта орналасқан “Campit” лагері 300 балаға арналған. Мұнда 61
қызметкер жұмыс істейді. Лагерьдің негізгі бағыты – балалар мен жасөспірімдерге
белсенді әрі пайдалы демалыс ұйымдастыру. Тәжірибелі педагогтар мен
вожатылардың жетекшілігімен балалар үшін мазмұнды бағдарламалар дайындалған:
- үйірмелер мен шеберлік сабақтары (сурет, мүсіндеу, робототехника,
журналистика),
- танымдық экскурсиялар,
- спорттық жаттығулар (футбол, волейбол, жүзу, жекпе-жек),
- театрландырылған қойылымдар мен концерттер,
- би және музыка үйірмелері,
- квесттер мен тақырыптық күндер.
Депутат лагерьдің материалдық базасымен танысып, балалармен және
тәрбиешілермен сөйлесті. Ол мұндай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтіп,
мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қолдау
жалғасатынын айтты.
