2 шілде 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының
орынбасары, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Дәния Еспаева бірқатар
тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында республикалық деңгейдегі маңызды мәселелердің бірі
ретінде “Қазақстанның Үздіксіз Білім беру Қауымдастығы” өкілі мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарында қызмет ететін техникалық персоналдың төмен жалақысы
жайында мәселе көтерді.
Атап айтқанда, бұл санаттағы қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 100 000
теңгені құрайтыны, мұның кадр тұрақсыздығына және маман тапшылығына себеп болып
отырғаны айтылды.
Дәния Еспаева бұл мәселенің маңыздылығына тоқталып, оны тиісті министрлік
пен «Ақ жол» фракциясы деңгейінде көтеріп, қарастыратынын айтты.






