5 шілде 2024 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Дәния Еспаева Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі онкологиялық медициналық орталық ұжымымен кездесті.
Аталмыш медициналық орталық онкологиялық ауруларға қарсы ем жүргізіп қана қоймай, оның салдарымен күреседі. Медициналық орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Кездесу барысында, Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева Парламент қабырғасында қабылданған бірнеше заңдар туралы түсіндіріп өтті. Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылық және лудомания, кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері, “Ұлттық қор балаларға” бағдарламасы, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселерін түсіндірді.
Сонымен қатар, онкологиялық науқастар үшін тарифтерді 20% төмендету туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы туралы пікір алмасты.
Жиын соңында, депутат медициналық орталық
қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.