3 шілде 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
Ресей мен Қазақстан шекарасындағы «Жайсан» өткізу бекетіндегі жүк
көліктерінің ұзын-сонар кезегі – жергілікті тұрғындар жиі көтеретін өзекті
мәселе.
Осыған байланысты, 2 маусым 2025 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары
Дәния Еспаева мен Қазыбек Әлішев шекара бекетіне арнайы барып, жағдаймен
танысты.
Қазіргі таңда жүк көліктері шекарадан электронды «карго» рұқсаты арқылы
өтеді. Алайда кей жүргізушілер белгіленген уақыттан бұрын келіп, ұзын кезекке
себеп болуда. Сонымен қатар, барлық жүргізушілер электронды жүйемен жұмыс істеуге
бейімделмегені белгілі болды. Мәжілісмендер осы түйткілдерді көзбен көріп, орын
алған мәселелерді жауапты органдармен бірлесіп шешу қажеттігін атап өтті.
Сапар барысында депутаттар Мәртөк ауылындағы жаңадан салынып жатқан өрт
сөндіру депосының құрылысымен де танысты. Құрылыс жұмыстарын «Бөбек құрылыс»
ЖШС сәуір айында бастаған. Бұл нысан биыл пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс
қарқыны көңілге қонымды.
