25
Қыркүйек

Дәния Еспаева Мәртөк ауданында референдум қарсаңында АЭС салу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

25 қыркүйек 2024 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

Дәния Еспаева Мәртөк ауданына қарасты Жайсан ауылына іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында АЭС салу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халықтың ой-пікірін тыңдады.

Осы мәселеде, депутат Дәния Еспаева Жайсан ауылдық арнайы білім беру мекемесі ғимаратында халықпен кездесті. Кездесуге 50-ге жуық адам жиналып, АЭС-тің қаіпсіздігі, реакторлардың жұмыс істеу принциптері және қоршаған ортаға, ел экономикасына, адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы баяндады.

Сонымен қатар, еліміздің Оңтүстік өңірлерінде энергия тапшылығы артып келе жатырғандығын атап өтті. Ал АЭС салынған жағдайда, реакторлар 80 жыл үздіксіз тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ете алады. Бұл өз кезегінде энергетикалық тәуелсіздікке алып келетінін жеткізді.

Одан бөлек АЭС құрылысына 12 млрд АҚШ доллары жұмсалып, 10 жыл мерзімінде құрылысы аяқталатынын айтты. Ал бұл уақыт аралығында, еліміз кәсіби мамандарды даярлап үлгереді.

Басқосуда тұрғындар АЭС-ның техникалық мүмкіндіктері және әлеуметтік мәселелері бойынша сұрақ қойды. Барлық сұрақтарға депутат тұшымды жауап берді.

Кездесу соңында, мәжілісмен Дәния Еспаева Жайсан ауылы халқын 6 қазан күні референдумда дауыс беруге шақырды.