2 шілде 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға
орынбасары, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Дәния Мәдиқызы
Еспаева Ақтөбе облысына іссапармен келіп, партияның облыстық филиалының
депутаттық корпусы және белсенді мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында депутат сегізінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің
үшінші сессиясында атқарылған негізгі жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, салық
саясатына қатысты енгізілген бірқатар өзгерістер мен жаңа Салық кодексінің
жобасы кеңінен талқыланды.
Дәния Еспаева жаңа кодексте шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға,
салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, сондай-ақ салық жүктемесін әділетті
бөлуге бағытталған нақты нормалар қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар,
кездесуде кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар өз ұсыныстарын ортаға салып,
елдегі салық жүйесін жетілдіруге қатысты пікірлерімен бөлісті.
Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті. Мәжіліс депутаты қатысушылар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды назарға алып, оларды тиісті деңгейде қарастыруға уәде берді.