4
қантар 2024жыл,
"Ақ жол" демократиялық партиясының Ақтөбе филиалы
2024
жылдың 4 қаңтары, ҚР Парламенті Мәжілісі төраға орынбасары Дәния Еспаева және
ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Асқар Садықов Ақтөбе қаласындағы «Ұлттық банк»
ғимаратында екінші деңгейдегі банктердің директорлары және микроқаржы ұйымдары
өкілдерімен кездесті.
Кездесу
барысында, ҚР Парламенті Мәжілісі төраға орынбасары Дәния Еспаева «Кредит беру
кезіндегі және қарыз алушылардың қорғау кезінде тәуекелдерді азайту бойынша»
заң жобасын түсіндірді. Оның айтуынша, елімізде соңғы 2 жылда тұтынушылық
мақсатта несие алушылар саны 2 есе артып, берешек 13 трлн теңгеге жеткен. Ал
1,5 млн тұрғын қарызын уақытылы жаба алмай, проблемасы бар клиенттер тізіміне
енген. 836 000 адамның құжаты коллекторлық ұйымдардың қарауында тұр. Бұл,өз
кезегінде, аталмыш заң жобасының қажет екендігін көрсетеді. Себебі, халқымыз
қаржылық сауаты өте төмен, сол себепті, қарызға батқан үстіне батуда.
Бұл
заң жобасының негізгі бағыттары ол, қарыз алушылардың кредиттері бойынша
борыштың өсуіне жол бермеу, мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеу шенберінде
азаматтардың құқықтарын корғауды күшейту, кредиттер бойынша алаяқтықты азайту,
қолданыстағы тұтынушылық кредиттерге төлем мерзімі 90 күн өткеннен кейін сыйақы
есептеуге тыйым салу. Сонымен қатар қарыз алушының банктік шотында сақталатын
ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бірден екі еселенген мөлшерге дейін
( 81,2 мын теңге) ұлғайту көзделеді. Ұсынылып отырған заң жобасы халықтың
шамадан тыс кредит алу жағдайын түбегейлі түзетуге және қаржы жүйесі үшін
тәуекелдерді азайтуға бағытталған.