8 қантар 2024жыл,
"Ақ жол" демократиялық партиясының Ақтөбе филиалы
Мәжілісмен
Дәния Еспаеваның Ақтөбе облысындағы іс-сапары жалғасуда. 2024 жылдың 8 қаңтары күні, ҚР Парламенті
Мәжілісі төраға орынбасары Дәния Еспаева Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық
көмек станциясы ұжымымен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты,соңғы үш күнде,Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл
медициналық көмек станциясында бірнеше рет интернет істен шығып, 103 желісіне
хабарласу мүмкін болмады. Салдарынан облыс тұрғындары көмек шақырту үшін 112
нөміріне және 109 call-орталығына хабарласып, әбден әбігерге түсті. Орталық басшысының айтуынша, облыстағы жедел
жәрдем қызметін “Транстелеком” АҚ интернетпен қамтамасыз етеді. Ал орын алған
жайт, шұғыл көмек көрсететін желіге сыртқы кибершабуыл әсерінен болғанын
жеткізді. Кездесуде ары қарай, ҚР
Парламенті Мәжілісі төраға орынбасары Дәния Еспаева Парламентте қарастырылып
отырған заң жобаларын таныстырды.