09
Қантар

Дәния Еспаеваның Ақтөбе өңіріне іс-сапары жалғасуда

9 қаңтар 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

9 қаңтар 2025 жылы, ҚР Парламенті Мәжілісі төраға орынбасары Дәния Еспаева Ақтөбе өңіріне іс-сапары барысында “ЭКОМЕД” ЭКО және бедеулікті емдеу орталығы жұмысымен танысты.

1995 жылы 18 сәуірде Алматыда "Экомед" бедеулікті емдеу медициналық орталығы құрылды. 1996 жылғы 31 Шілдеде "пробиркадан" тұңғыш қазақстандық бала дүниеге келді. Оның авторлары Қазақстандағы ЭКҰ негізін қалаушы, эмбриолог Салтанат Байқошқарова және гинеколог Татьяна Рубашина (Копылова)  елдегі бедеулікті емдеу саласына жаңа жол ашты.

Аталмыш медициналық орталықтың Ақтөбе филиалы 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді.Бұған дейін арнайы зертхананың болмауынан, келген пациенттерді Алматы немесе Астана қаласына зертханалық тексерістер өткізуге жіберіп отырған. Бұл өз кезегінде, жергілікті пациенттер үшін қосымша шығынды талап етті.

Қуанышқа орай, орталық көп ұзамай 2024 жылдың 10 желтоқсанында жаңа заманауи зертхананы Ақтөбе қаласында ашты.

Бұл зертхана ең озық технологиялармен жабдықталған және диагностика мен талдаудың дәлдігі бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Депутат Дәния Еспаева зертхананың материалдық-техникалық базасын бақылап, жұмыс жасау қағидаттары туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар, медициналық орталықтың дәрігерлік құрамымен танысты.

Кездесуде, ҚР Парламент Мәжілісінің төраға орынбасары 2024 жылы қабылданған бірқатар заңдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер, әлеуметтік бағдарламалар төңірегінде кеңінен тоқталып өтті.

Түсіндірме жұмыстарынан кейін,  жиынға қатысушылар МӘМС жүйесі, “Ұлттық қор- балаларға” және “Келешек” бағдарламасы жөнінде сауал жолдап, Мәжіліс депутаты сауалдарға толықтай жауап берді.

Кездесу соңында, мәжілісмен Экомед-Ақтөбе клиникасы директоры Алмас Қадіржанұлын жаңа заманауи зертхананың ашылуымен құттықтап, жасап жатқан игі жұмыстарына сәттілік тіледі.