24 ақпан 2002 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дәния Еспаева Ақтөбе облысындағы партия белсенділерімен кездесті.
Жиында Дәния Еспаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған шешімдері туралы айтып, «Ақ жол» фракциясының парламентте көтерген депутаттық сауалдары негізінде қабылданған бірқатар заң жобалары жөнінде түсіндіріп өтті. Сондай-ақ партия құрамына азаматтарды қабылдап, оларға сәттілік тіледі.
Халық қалаулысы одан әрі азаматтарды қабылдап, проблемаларын тыңдады.
Аймақтағы қиыршық тас өндіруші кәсіпкерлер тас құнының қымбаттауына ҚТЖ тарифымен «Қазтеміртранс» вагондарын жеткізуші делдал компанияның ұлғаюы әсер етуде дейді. Себебі логистикалық компаниялардың делдал арқылы вагондарды жеткізу қызметінің құны ұдайы өсіп отырғанымен қоса вагондарды жеткізу мерзімі де үнемі өзгеріп отырады. Соның салдарынан қиыршық тасты жеткізушілердің өзі айыппұл төлейді. Мәжілісімен аталған проблема бойынша жазбаша сауал беруін сұрады.
Мұнан соң депутат құрылыс компанияларының басшыларымен де жүздесті. Кездесуге мемлекеттік орган өкілдері, облыстық тексеру комиссиясы мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Құрылыс компаниялары қысқы уақытта ҚМЖ жүргізу кезінде олардың атына мемлекеттік бюджетке қайтару туралы талап арыз беруді қайта бастау туралы мәселені көтерді.
Бұған дейін Ақ жол фракциясы прокуратураның талап-арызы бойынша бұл мәселені көтерген, сол кезде бұл талаптар тоқтатылған болатын, бірақ қазіргі сәтте тексеру комиссиясының шешімі негізінде қарсы талаптар берілуде.
Сонымен қатар, компания өкілдері құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты мемлекеттік тапсырыс бойынша сметаны түзету қажеттілігі туралы проблемаларын да айтты.
Депутат Дания Еспаева жиынға көтерілген барлық мәселелер жауапсыз қалмайтынын және басты назарда ұстайтынын жеткізді.